LANG_USLUGI_TITLE

жолданым  6307
Автор: Бахонова Айгул Кенжетаевна

Сәлеметсіз бе, менің сұрағым Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлына, қала әкімі, Қайрат Құлымұлы Оразбаев мырзаға және Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Мен Атырау қаласының тұрғыны Бахонова Айгүл, көпбалалы анамын, Амандосов көшесі, 17 үйде Е.Шүкіров көшесі қиылысында тұрамын. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап біздің көшемізде жол жөндеу жұмыстары басталды. Күні кеше байқағаным Шүкіров көшесінен Амандосов көшесіне қосымша бұрылыс жолы жоспарланып, қазығы қағылды. Осы қазықпен салынатын жол менің үй қақпам мен автокөлік гаражымнан небары 1.50м арақашықтық қана қалып тұр. Бұл жол салынса, менің көлігім гаражымнан шықан бетте жол көлік оқиғасы орын алуы ықтималдылығы өте жоғары, яғни менің және отбасымның өміріне аса қауіпті. Осыған байланысты менің сұрағым: 1. Жолды қайта жөндеу, өзгерту жоспарланған уақытта тұрғын үймен көлік жолының ара қашықтығы неге заңға сәйкес ескерілмеген? Санитарлық зона қашықтығы 5 м емес пе еді? 2. Жөндеу жоспарланғанған уақытта сол жердің тұрғындары- көпбалалы ана ретінде, мектеп жасындағы балаларымның өмір қауіпсіздігі неге ескерілмейді? 3. Не болмаса, қосымша бұрылыс жолын салу аса қажет болса, ережеге сәйкес арақашықтықты сақтау мақсатында үйді сүріп тастап(сносқа жіберіп) жасамадыңыздар ма? 4. Қала тұрғындарының өмір қауіпсіздігі, құқығы неге ескерілмейді? Осы адрес бойынша менің барлық құжаттарым заңдастырылған қала тұрғыны ретінде менің сұрақтарыма жауап берулеріңізді талап етемін. Бахонова Айгүл Кенжетаевна

Жолданым келіп түсті: 18.09.2020 15:40

Жолданымға жауап

Жауаптың авторы: Акимат города Атырау

Сіздің өтінішіңіздегі Атырау қаласы, Е.Шүкіров көшесінде орналасқан №17 үйдің аумағына жүргізіліп жатырған Амандосов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары жақын орналасу мәселесі бойынша төмендегіше жауап жолдайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына сәйкес Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Аталған заңға сәйкес, Атырау қаласы, Амандосов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамаларға сәйкес жүргізіліп жатырғандығын ескере отырып, аталған үйдің аумағында жаяу жүргінші жолы қарастырылғандығын хабарлайды. Осыған орай Е.Шүкіров және Амандосов көшелері қиылысында орналасқан үйлер тұрғындарының өміріне қауіп төнбейтіндігін хабарлайды.
Осыған қоса, аталған қайта жаңғырту жобасы 2018 жылы мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алғынғандығын есіңізге салады.

Жауаптың күні: 25.09.2020 12:04