LANG_USLUGI_TITLE

жолданым  6217
Автор: Кайсагалиева

Салеметсиз бе! мкр Атырау, 35 кошесине тас жол кашан тоселеди екен. Жылдын басында жазган отинишиме "Бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін ағымдағы жылы тас жол төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда" деп айткан единиз. Биракта али тоселмей жатыр, биыл жоспарда жок деди конырау шалып сураганымда. Биылдан калмай тас жол тоселуин сураймыз.

Жолданым келіп түсті: 02.09.2020 15:08

Жолданымға жауап

Жауаптың авторы: Акимат города Атырау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына сәйкес Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылатындығын хабарлайды.

Аталған заңға сәйкес, Атырау ықшам ауданы №35 көшесіне тас жол төсеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынғандығын хабарлайды. Бюджеттен қаражат көзі бөлінуіне қарай тас жол төсеу жұмыстары жоспарға енгізілетіндігін қаперіңізге береді.

Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6 тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқыңыз бар екендігін қаперіңізге береді.

Жауаптың күні: 11.09.2020 09:43