LANG_USLUGI_TITLE

Обращение № 5146
Автор: Хусынов Дархан

Құрметті Әлимұхамед Құттымұрат ұлы! Мен Атырау қаласы, Атырау ықшам ауданы, 16 көшеде тұратын тұрғынмын. Бұл мекен жайға қоныстанғаныма міне 8 жылдай болды. Үйімізге көршілес шұңқырлы сортаң су жиналған бос жерлер біз қоныстанғаннан бері бос жатқан болатын. Үстіміздегі жылдан бастап сол жерлердің иелері келіп шұңқырлы жерлерді бітеу үшін топырақ және әр түрлі мусорларды тасып төге бастады. Бұл жұмыстар жаз бойы және күні бүгінге дейін жалғасуда. Төгіліп жатырған әртүрлң қоқыстар. Қазіргі уақытта көше бойы асфальт жолға дейін қоқыстар төгіліп үйіміздегі гаражғк кіру мүмкін болмай қалды. Қоқыстар алаңы айналды қала іші, бүкіл төгілген қоқыс жан жаққа ұшып ластауда. Жақын жерде 31-ші мектеп орналасқан. Бұл жағдайды бірнеше рет Телеграммдағы облыс әкімдігі чатына жаздым, облыс әкімі өзіңізге осы мәселеге байланысты тапсырмада берді, бірақ еш нәтиже болмады. Сонда қалаішінің тазалығы ешкімді ойландырмайма, ешкім оған жауап бермейме..? Бұл мәселе қазіргі уақытта үйіміздің жанында толып үйілген қоқыстар, ауаның ластануы, көшенің шашылып жатуы, үйіміздегі балаларымыздың денсаулығымен психткасына өз әсерін тигізуде. Жер учаскесінің иелері мемлекеттік органда жасайтын лауазымды қызметкерлерге ұқсайды, сонда халықа қызмет ететін адамдардың осындай жағдайды тудыруы дұрыспа? Бұған кім жауап береді сонда.? Қаланың тазалына жаны ашитын адамның болмағаныма сонда, өте қиын жағдай бұл.. Өз тарапыңыздан туындар отырған мәселені шешуіңізді сұраймыз. Мәселе шешілмесе, басқа тиісті органдарға жазғаннан басқа амалымыз қалмайды.

Обращение поступило: 03.12.2019 10:12

Ответ на обращение

Автор ответа: Акимат города Атырау

Құрметті Хұсынов Дархан !

Сіздің өтінішіңіз қала аумағының тазалығы мен көріктендіру жұмыстарына жауапты мекеме Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне жолданды. Бүгінгі күні аталған бөлім Сіздің өтінішіңізде көрсетілген жер учаскесінің иесін анықтап, тазалау жұмыстарын жүргізу талаптарын қоюда. Меншік иесі қажетті техника жұмылдырып, тазалық жұмыстарын бастап кетті.

Бұл аумақ қоқыс алаңы толықтай жойылғанша бөлімнің бақылауында болады. Ары қарай да, сол жер учаскесімен көршілес орналасқан аумақтардың да иелерін анықтап, қажетті шара қолданылатындығы қаперіңізге беріледі.

Дата ответа: 18.12.2019 14:27