LANG_USLUGI_TITLE

жолданым  5111
Автор: Нсанғалиева Аймекен Жұмабайқызы

Сəлеметсизбе? Мен сизде турғын үй мəселесімен өтініш жолдап отырмын. Біз ата мен енемнің қолында тұрамыз,үйде 4 отбасы жəне 9 бала бар.Мен өзим жəне жолдасым екеуміз туберкулезге қарсы диспансерде 4 ай емделіп қазіргі уақытта амбулаториялық ем алудадамыз жəне жолдасымның ағасы яғни қайын ағам да диспансерлік ем алуда онымен қоса қайын ағамның екі ұлы плевритпен ауырып ем алу устинде. Жəне ең улкен ауыр жағдайымыз жолдасымның інісі яғни кайын інім сол диспансерде кайтыс болды.Менің мақсатым балаларымды сақтандыру.Біздің жағдайымызға түсіністікпен қарап бір шара қолданыңызды отінемін.

Жолданым келіп түсті: 19.11.2019 14:01

Жолданымға жауап

Жауаптың авторы: Акимат города Атырау

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж отбасылар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Сіз Атырау қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж отбасылар кезегіне тіркелмегенсіз.

Аталған Заңның 74-бабы 2-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде (тұру мерзiмiне қарамастан) тұрақты тұратын отбасыларға бес кезек бойынша беріледі, яғни: 1) тұрғын үйге мұқтаж Ұлы Отан соғысына қатысушылар тізімі; 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тізімі; 3) көп балалы отбасылар; 4) тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылар тізімі, оның ішінде: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары; созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; оралмандар; тұрғын үйі табиғат апаттары салдарынан үйлері тұру үшін жарамсыз болып қалған азаматтар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар; 5) тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлері; 6) жалғыз үйі апатты деп саналатын отбасылар тізімі.

Сондай-ақ, отбасыңыз жоғарыда аталған топтарға жататын болса, тұрғын үйге мұқтаждығыңызды анықтайтын құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы тапсырып, кезекке тіркелуіңізге болады.

Жауаптың күні: 27.11.2019 16:25