Services

LANG_OBRASHCHENIE_N 5092
Автор: Бағыт Нұрлыбек Бағытұлы

Қайырлы күн! Құрметті Құттымұрат-ұлы Алимухаммед мырза! Біздер 2018 жылы Атырау-2 ықшамаудан елді мекеніне қоныс аударғанбыз. Сол жылы мен Қазақтелеком компаниясына көршілес 2-ші көшеден телефон желісін жалғап, қондырып берулеріне тапсырыс қалдырғанмын, алайда, біздің 7-ші көшеде техникалық мүмкінсіздікке байланысты Қазақтелеком компаниясы менің тапсырысымда орындай алмады. Арада 1.5 жыл өткен соң, 2019-дың Қазан айларында Қазақтелеком компаниясына тағы да тапсырыс тастағанмын, мүмкін үйлер көбейгесін телефон желісін тартқан болар деп ойладым. Бірақ тағы да техникалық мүмкінсіздікке байланысты өтінішімді қабылдамады. Сонымен қатар Қазақстан әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарына өзінің цифр­ландыру бағдарламасына қабылданғанына қарамастан, Қазақтелеком компаниясы Атырау қаласы ішінде орналасқан елді мекендерге аталмыш бағдарламаға байланысты қызметтерін жәй жасауда. Құттымұрат-ұлы Алимухаммед мырза, Атырау қаласының әкімі, мен сізден бізге Атырау-2 ықшам ауданының, 7-ші көшесінің тұрғындарына көршілес орналасқан 2-ші көшедегі телефон желісін Қазақтелеком компаниясы арқылы жалғап, қондырып беруіңізді сұраймын. Қала ішінде тұрып интернет желісі жоқ деген ол таң қаларлық. Қазіргі заманда интернетсіз жүру мүмкін емес !!! Рахмет, Құрметтпен, Бағытұлы Нұрлыбек

Address received: 05.11.2019 14:35

Response to the address

Response author: Акимат города Атырау

Сіздің өтінішіңіз «Қазақтелеком» АҚ –мен қаралып, бүгінгі уақытта Атырау-2 шағын ауданы, №7 көшесін сымды телефонға қосу мүмкіндігі жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар, аталған аумақта WLL сымсыз телефондарын, сымсыз роутер және Altel ұялы телефондарымен, соның ішінде Altel / Tele2 ішінде шектеусіз байланысты қамтамасыз етуге болады. Қазақстан Республикасындағы телефондарға шексіз қоңыраулар, жоғары жылдамдықты 4G Интернет және басқа да қызметтерді ұсыну мүмкіндігі бар.

Response date: 20.11.2019 12:37